Діни жетекші: Сионистік режиммен күрес – ислам әлемі үшін уәжіп
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні ел басшылары, халықтың әртүрлі таптары және исламдық елдер басшыларымен Теһрандағы кездесуінде Палестина мәселесін маңызсыз етіп көрсету мен ұмыттыруды үлкен қатер деп атап:
«Палестина – ислам әлемінің бірінші мәселесі, бірақ кейбір исламдық мемлекеттер бұл мәселеге немқұрайдылық танытып, ұмытылатындай әрекет етуде»,- деді. Аятолла Хаменеи Палестина ислам елінің басып алынуы мен бір халықтың үйлері мен туған жерінен қуылуына тоқталып: «Исламдық заңдар бойынша дұшпан исламдық жерлерді басып алған кезде барлық мұсылман күрес пен жиһадқа шығуға міндеттеледі. Сол себепті, бүгін сионистік режиммен күрес – бүкіл ислам әлемі үшін қажет әрі уәжіп іс»,- деп қуаттады.
Британияның бүлігі 1948 жылы заңсыз сионистік режимнің құрылуына себеп болды. Сол кездегі Британия Сыртқы істер министрі Артур Джеймс Бальфур кейін «масқара Бальфур декларациясымен» аяқталған талпыныстарымен осы заңсыз режимнің іргетасын қалады. Британиялықтардың бүліктерінің іске асырылуымен палестиналықтарды туған жерлерінен шығару үдерісі басталып, Палестина халқы жерлерінің басып алынуымен қатар, миллиондаған халқы босқынға айналды. Палестинаның статистикалық орталығының жариялауы бойынша, бүгінде алты миллион палестиналық босқынға айналып, сионистердің жаулап алуы салдарына ауыр жағдайда өмір сүруде.
Палестина жерлері басып алынып, милллиондаған палестиналық босқынға айналғаннан кейін сионистер әртүрлі тәсілдермен Палестина мәселесінің ислам елдерінің бірінші әрі маңызды мәселелерінің қатарынан шығаруға әрекет етуде. Сионистік режим бұл қастықты әртүрлі жолдармен іске асырып жатыр. Дағдарыс тудыру, соның ішінде исламдық елдердің арасына іріткі салып, лаңкестерге қолдау көрсету мен араб режимдеріне араласу арқылы нысананы мұсылмандардың бірінші дұшпаны саналатын Израиль режимінен аластату әрекеті – сионистік режимнің Палестина мәселесін маңызсыз етіп көрсету мақсатының белгісі. Кейбір исламдық араб мемлекеттері сионистік режимнің мүддесіне қарай әрекет етіп, Палестина мәселесін ұмыттырмақ. Сауд Арабиясы сынды кейбір исламдық араб мемлекеттердің Палестинаны шынайы қолдайтын Иранға қарсы негізсіз уәждері де Палестина мәселесін ұмыттыруды көздейді. Саудиялық басшылар өткен жылдары сионистік режим басшыларымен үздіксіз кездесті. Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің орнына отыруына АҚШ пен Израильмен ынтымақтастығына борыштар деп санайды. Осы салада сионистік «Га-Арец» газеті өткен аптаның бейсенбісінде Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагерлігінен кейін: «2015 жылы ханзада Мұхаммад бен Салман басып алынған жерлерге сапар шегіп, Израильдің басшылармен кездесті»,- деп жазды. Сауд Арабиясының қазіргі саясаты – ислам әлемінің денесіндегі жаңа зақым. Бұл саясат Палестина жерлерінің басылып алынуы, миллиондаған палестиналықтың босқынға айналуы мен Палестинаның қаналған халқының, әсіресе әйелдер мен балалардың күнделікті қырылуы және заңсыз режимді заңдастыруға себеп болып отыр. Осындай жағдайда Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, «Бірлік сақтап, бөлінуден тартыну барлық исламдық мемлекеттердің мүддесін көздейді. Сондықтан Палестина мәселесіне ислам әлемінің бірінші мәселесі ретінде көңіл бөліп, оны ұмыттырудың алдын алу қажет».