Велаяти: Сирияның дұшпандары өз мақсаттарына жеткен жоқ
ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Сирия дұшпандарының бұл елді жою мақсаттарына жетпегенін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти сейсенбі күні Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меқдадпен Теһрандағы кездесуінде: «Дұшпандардың мақсаты қарсыласу шебінің тірегі саналатын Сирияны халықаралық және аймақтағы сахналардан жою болды, бірақ олар өз мақсаттарына жеткен жоқ. Дұшпандар Сирия халқының сионистерге табанды қарсыласудағы рөліне наразы. Сирия үлкен шығынға ұшырағанымен шабуылдарға қарсы шынайы табандылық білдіріп, жеңіске жетті»,- деп қуаттады.
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меқдад та бұл кездесуде: «Иран мен Сирия арасындағы қарым-қатынастар тек экономикалық, саяси, қоғамдық және мәдени қарым-қатынастар ғана емес, бұл екі елдің арасында тағдырды шешуші қарым-қатынастар орнатылған»,- деді.