Рухани Мосулдың ДАИШ-тың басқыншылығынан азат етілуімен құттықтады
Иран президенті Ирак президенті, премьер-министрі және елдің жоғары мәртебелі діни тұлғасы аятолла Систаниге жолдаған жеке-жеке хаттарында Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулдың ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат етілуімен құттықтады.
Президенттің ақпарат тарату қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани жұма күні Фуад Масумге жолдаған хатында: "Ирактағы қауіпсіздік тудырушы оң бағыттағы өзгерістер және лаңкестік пен әсірешілдікпен күресте жеңіске жету осы ел халқы мен әскери күштерінің үздіксіз талпыныстары мен көрші елдердің ДАИШ-тың көзін құрту және оның демеушілерін жоюда көрсеткен көмектерінің нәтижесі саналады", - деді.
Иран президенті Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абадиге жолдаған хатында: "Ирак халқы, әскери күштері мен халықтық ерікті күштердің талпынысы, жанпидалығы, үйлесімді әрекет етуі мен ынтымақтастығының арқасында және көршілес елдердің қолдау көрсетуінің нәтижесінде қол жеткізген бұл ұлы жеңіс исламның атын жамылып қылмыс жасап, адам өлтіретін қылмыскерлермен шынайы күресудің маңыздылығын көрсетеді",- деп жазды.
Хасан Рухани сондай-ақ аятолла Систаниге жолдаған хатында: "Ирак халқының жеңіске жетуі мен Мосул қаласын азат ету діни жетекшілік пен пәтуаның әлемде алатын орнын тағы бір мәрте айқындады",- деді.