Теһранда шаң-тозаңмен қарсыласу тақырыбына арналған халықаралық конференция өтеді
Теһранда шілденің 3-5 күндері БҰҰ-ның ынтымақтастығымен шаң-тозаңмен қарсыласу тақырыбына арналған халықаралық конференция өтеді.
Иран алдағы дүйсенбіден сәрсенбіге дейін Теһранда өтетін шаң-тозаңмен қарсыласу тақырыбына арналған халықаралық конференция ағымында бұл дағдарысты шешу үшін халықаралық қауымдастық пен аймақтық ынтымақтастық орнатуды көздеуде.
Халықаралық басқосуда әртүрлі елдердің министрлері мен өкілдері шаң-тозаңның табиғи және адами факторлары туралы пікір алмасып, "Теһран мәлімдемесі" деген атпен шаң-тозаңмен қарсыласу жолдары туралы құжат бекітеді.
Басқосуға қатысушылар сонымен бірге Иранның орталығындағы Кашан және оңтүстік-батысындағы Ахваз қалаларына сапар шегіп, Иранның шаң-тозаңмен қарсыласу жұмыстарымен танысады.
Осы уақытқа дейін 31 мемлекет, БҰҰ Бас хатшысының екі орынбасары мен 9 халықаралық ұйым аталмыш жиынға қатысуға әзірліктерін жариялады.