Рухани: Иран аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды мақсат етеді
ИИР-ның президенті Иранның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды, дұшпандардың қолдарын қысқартып, оларға ешқандай сылтау бермеуді мақсат ететінін айтты.
Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда өткен Заң шығарушы органның республикалық форумында сөйлеген сөзінде: «Дұшпан қару сатып, аймаққа араласуға сылтауын арттыру үшін Таяу Шығыс аймағында тұрақсыздық қалыптастырып, бейбітшілік пен дамуға қауіп-қатер тудыруды көздеуде» деді.
Рухани Иранның саясатын Американың аймаққа ықпалы мен күшін арттыруына тосқауыл қою деп атап: «Иранның сыртқы саясатының мақсаты – Еуропа мен Қытай және Ресейді Американың артық талап етушілігіне қарсы қойып, Вашингтонның араласушылық саясаттарын айыптау» деді.
Иран президенті Американың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі №2231 резолюция мен Иранның зымырандары жобасын талқылаудағы жеңілісіне сілтеме жасап: «Еуропа мен Қытай және Ресей мен басқа елдер америкалық бұл жобаның принципіне қарсы шықты» деді.
Иран президенті сонымен қатар Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруды кешеуілдетіп, бұрмалап отырғанын айтып: «Иран ешқашан Америкамен ынтымақтастық жасауды мақсат еткен емес. Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзып, бұрмалауы Ресей мен Қытай және Еуропаның қарсылығына ұшырады» деді.