АҚШ-тың мақсаты – Иранның аймақтағы орнын әлсірету
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани: "АҚШ-тың Сенатында қарастырылатын жобаның мақсаттарының бірі – Иранның аймақтағы орнын әлсірету" деді.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда Сот билігінің конгресінде АҚШ-ның Иранға қарсы халықаралық деңгейде қысым көрсетуді көздейтінін айтып: "АҚШ-ның Иранның зымырандық мүмкіндіктері және лаңкестікпен күреске қарсы ұстаным қабылдаудағы мақсаты – Иранның жағдайын нашарлатып, қысымдарды күшейту. ИИР ядролық келісімді бұзатын жайттарды қарастырып, АҚШ-тың Сенаты бекіткен жобаларды да назардан тыс қалдырмайды" деді.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сонымен қатар Ирактың Мосул қаласын ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат етуді аймақтағы оң өзгерістердің бірі деп атап: "Ирактың басшылары, әскері мен халықтық күштері және Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы күштерінің ынтымақтастығы мен ДАИШ-ке тойтарыс берудегі талпыныстары теңдессіз оқиға болды" деді.