Стаффан де Мистура Сирияның бейбіт келіссөздерінің сәтсіздікке ұшырау қаупі туралы ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i286-Стаффан_де_Мистура_Сирияның_бейбіт_келіссөздерінің_сәтсіздікке_ұшырау_қаупі_туралы_ескерту_жасады
БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі Сирияның бейбіт келіссөздерінің сәтсіздікке ұшырау қаупі туралы ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 03, 2016 21:24 Asia/Almaty
  • Стаффан де Мистура Сирияның бейбіт келіссөздерінің сәтсіздікке ұшырау қаупі туралы ескерту жасады

БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі Сирияның бейбіт келіссөздерінің сәтсіздікке ұшырау қаупі туралы ескертті.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура сейсенбі күні Сириядан тыс жердегі наразылар тобы өзімен келіссөзге қарсылық білдіргеннен кейін Швейцарияның RTC телеарнасына берген сұхбатында Сирияның бейбіт келіссөздерінің сәтсіздікке ұшырау қаупі жайлы ескерте келіп: «Бұл елдегі ауыр соғыстан 5 жыл өткеннен кейін жеңіліске ұшырау өкініш тудыратын болады»,-деді.

БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі кейбір сириялық топтардың бір-біріне жиренішпен қарайтынына өкініш білдіріп: «Келіссөздерде өзара сенім болмаса, оның болашағына аса үміт артуға болмайды. Сириядағы қақтығыстарды тоқтату үшін шешім жолын табу мақсатында Женевада екі отырыс өткізгеннен кейін осы жолы да бейбіт келіссөздер жеңіліске ұшыраса, барлық үміт желге ұшады»,-деді.

Сейсенбі күні түстен кейін БҰҰ-ның Женевадағы резиденциясында осы ұйымның Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистурамен кездесуге тиіс болған Сириядан тыс жердегі наразылар тобы бұл кездесуге қарсылық танытты.