Діни жетекші: Үстемшілдікті қабылдамау – Иранға қарсы дұшпандықтың жалғасуының себебі
Иран Ислам революциясының жетекшісі: «Үстемшіл жүйенің ИИР-мен қарсыласуының негізгі себебі бұл елдің әлемдік әділетсіз жүйеге қарсылық танытуы болып табылады. Егер бұл табандылық болмағанда, қандай жүйе орнатылса да үстемшілдер қарсылық білдірмейтін еді»,- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Құм қаласындағы діни оқу орталығының шәкірттерінің өкілдерімен кездесуінде бұл орталықтың Ислам революциясының жеңісінде маңызды әрі әсерлі рөл атқарғанына тоқталып: «Құм қаласындағы діни оқу орталығы революцияның бесігі болып қалуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін ойланып, нақты бағдарламалар құру қажет. Кейбір уақытта Ислам революциясының негіздеріне, кейде жанама түрде революцияның сенімдеріне қарсылық көрсетіледі. Сондықтан бұл мәселеге шынайы мән берген жөн.
Имам Хомейни басқарған Иран Ислам революциясы жеңіске жетті. Құм қаласындағы діни оқу орталығы халық және студенттермен бірге бұл жеңісте маңызды рөл атқарды. Құмдағы діни оқу орталығы мен университеттер Иран Ислам революциясына әсер еткен екі маңызды фактор саналады. Құм қаласындағы діни оқу орталығының рөлі маңызды болды. Бұл діни ағым діни тұлғалар мен діни шәкірттер сынды екі негізімен Иран Ислам революциясының орын алуында сындарлы рөл атқарды. Имам Хомейни Құм қаласындағы діни оқу орталығының мүшесі ретінде халықтың патшалық режимге қарсы күресінде үндеулер таратып, күрес ағымын дұрыс жолға нұсқады. Имам Хомейнидің жолдауларын революцияшыл және Иранның жер-жеріндегі күрескер халыққа жеткізу діни қызметкерлер мен діни шәкірттердің міндеті. Имам Хомейни басқарған Иран Ислам революциясының мақсаты әлемдік алпауыт елдердің билеп-төстеушілігін қабылдамау және олардың ықпалына түспеу болды.
Иран Ислам революциясының ұраны «Шығыс та емес, Батыс та емес» болды. Ислам революциясы еш уақытта Шығыс пен Батыстың билігіне бағынбады. Осыған орай үстемшіл жүйе Иран халқына қарсы дұшпандығын бастап, Ислам революциясының жеңісінен 37 жыл өткенімен осы кезге дейін жалғасуда. Билеп-төстеушілікті қабылдамау Ислам революциясының басқа революциялардан айырмашылығы болып табылады.
Өзіне сенім арту және ғиззатқа жету билеп-төстеушілікке бағынбаудың арқасында ғана мүмкін. Иран халқының революциясы соның айқын үлгісі. Ислам революциясы осы мәселеге байланысты әртүрлі қоғамдарда көптеген жақтасқа ие болып, тәуелсіз өмір сүрудің үлгісіне айналды.
Билеп-төстеуші жүйелердің, әсіресе АҚШ-тың Иран Ислам революциясына дұшпандығын жалғастыруына Иран халқының әртүрлі қысымдарға қарамастан билеп-төстеушілерге бағынбауы себеп болуда. Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы сегіз жылдық соғысы, саяси және ғылыми азаматтарға қарсы лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруы, сондай-ақ экономикалық және ғылыми санкциялар салу үстеммшіл жүйенің Иран халқына қарсы дұшпандық әрекеттерінің бір бөлігі.
Ислам революциясының жетекшісі де үстемшіл жүйенің Ислам революциясына қарсы дұшпандығын жалғастыруына байланысты дұшпанның қастықтарына қырағы болып, Иран Ислам революциясының жеңісіне әсер еткен органдардың революцияшыл болып қалуын қуаттады.