Экологиялық мәселелерді шешу аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарды қажет етеді
ИИР президенті Рухани денсаулықты сақтап, елдің дамуы үшін қоршаған ортаны қорғауды және жөнсіз көші-қонның алдын алудың қажеттігін қуаттап: "Экологиялық мәселелерді шешу бағдарлама жасау, инвестиция салуды және аймақтық, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтарды қажет етеді" деді.
Хасан Рухани Теһранда өткен "Шаң-тозаңмен күрес: сын-қатерлер мен тиімді шешім жолдары" атты халықаралық конференцияда: "Ирандағы шаң-тозаңның 80 пайызы шетелдерден келеді. Ирак, Иордания, Кувейт, Сирия, Арабстан, Пәкістан, Ауғанстан мен Түркіменстан елдері – аймақтағы шаң-тозаңның негізгі көзі" деп мәлімдеді.
ИИР президенті аймақтағы елдердің бір отбасының мүшелері екенін және бір-бірінен алшақтай алмайтынын айтып: "Егер ДАИШ сынды лаңкестік топтар Ирак пен Сирияда ғимараттар мен алқаптарды талқандап, бейкүнә адамдарды қыратын болса, аймақтағы жайқалған алқаптар шөлге айналады. Одан шығатын шаң-тозаңнан аймақтағы халықтар зардап шегеді" деді.
Иран президенті қиыншылықтардан шығудың жолын елдердің қарым-қатынастарын кеңейту және ынтымақтастықтарды арттыру деп атап: "БҰҰ осы аяда жауапкершілікті көбірек сезініп, осы мәселені шешуге бар күшін салуы керек" деді.
"Шаң-тозаңмен күрес: сын-қатерлер мен тиімді шешім жолдары" атты алғашқы халықаралық конференция ИИР президенті мен БҰҰ-ның өкілдері, министрлер мен 43 елдің өкілдерінің қатысуымен Теһранда дүйсенбі күні басталып, өз жұмысын сәрсенбіге дейін жалғастыратын болады.