Оңтүстік Парс алаңындағы 11 кезеңді дамыту келісімі – Иранға әлемдік белсенділердің оралуының белгісі
ИИР Мұнай министрі Оңтүстік Парс алаңындағы 11 кезеңге қатысты келісімге қол қоюды еуропалық және азиялық экономикалық белсенділердің Иранға оралуы мен инвестиция салуы үшін маңызды белгі деп атады.
ИИР Мұнай министрі Бижан Намдар Зангене Оңтүстік Парс алаңындағы 11 кезеңді дамыту туралы келісімге қол қойылған соң журналистерге берген сұхбатта: «Бұл келісімге қол қойылумен шетелдік компаниялардың Иранға инвестиция салуға қатысты күдік-күмәндары жойылады. Дұшпандар ИИР-ның абыройы мен ғиззатын көргісі келмеген жағдайда Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін сенімді үш компаниямен бірінші келісімге қол қойып отыр. Құны шамамен 5 миллиард долларға бағаланған бұл келісім бойынша бұрғылау, платформа құрылысы мен құбырлар орнату жұмыстары ирандық компанияларға тапсырылады»,- деп мәлімдеді.
Иранның Мұнай министрі сондай-ақ АҚШ Сенатының Иранға қарсы санкцияларына сілтеме жасап: «АҚШ-ның санкциялары заңсыз. Бұл елдің басқалар үшін шешім қабылдау құқығы жоқ»,- деп қуаттады.