АҚШ – Ауғанстандағы есірткі өндірісі мөлшерінің артуының факторы
(last modified Wed, 05 Jul 2017 10:49:11 GMT )
Шіл 05, 2017 16:49 Asia/Almaty
  • АҚШ – Ауғанстандағы есірткі өндірісі мөлшерінің артуының факторы

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани әлемдегі есірткі мөлшері мен оның түрінің артуын алаңдататын жайт деп атап: «Мәліметтер АҚШ-тың лаңкестік және есірткімен күресті сылтауратып, Ауғанстанға кіргеннен бері бұл елде есірткі өндірісінің артқанын көрсетіп отыр»,- деді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани сейсенбі күні есірткімен күрес әлемдік күнінің жылдығына байланысты Теһранда өткен конференцияда: «ИИР есірткімен күрес шебінің көшбасшысы болып, бұл жолда үш мыңнан астам азаматынан айрылды»,- деді.

Лариджани іс жүзінде есірткімен күрес саласында халықаралық жігердің байқалмауына тоқталып: «Есірткімен күрес жолындаға барлық шығынды Иран төлеуге міндетті емес»,- деп қуаттады.

Иран Мәжілісі Кеңесінің Төрағасы Ауғанстанда  есірткі шығаратын жабдықталған лабораториялардың болуына сілтеме жасап: «Батыс мемлекеттері Ауғанстандағы есірткі шығаратын   лабораторияларды жабу  күшіне ие. Бірақ әртүрлі дәлелдерге байланысты, соның ішінде аймақта дағдарыс тудыру үшін бұл істі жасамайды»,- деді.