Армения Иранмен преферансты сауда келісіміне қол қоюға үміттенеді
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Армения премьер-министрінің орынбасарымен кездесіп, екіжақты байланыстарды кеңейту туралы сұхбаттасты.
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутадж делегацияны бастап, Иран мен Армения арасындағы преферансты тарифтерді қарастыру келіссөздерінің алтыншы кезеңін өткізу мақсатында Ереванға сапармен келді. Ол Армения вице-премьер-министрі Ваче Габриелянмен кездесуде екі елдің преферансты тарифтер туралы келісімге қол қою үшін негіз әзірлеу бағытындағы тарифтерді азайту туралы келіссөздер үдерісінен есеп берді.
Армения премьер-министрінің орынбасары Ваче Габриелян да кездесуде преферансты тарифтер туралы келісімнің жарамдылық мезгілінің үш жыл болуын, оның екі елдің потенциалдарын таныстыру үшін оң әсерге ие екендігін айтып: «Бұл келісім екі ел арасындағы серіктестіктерді арттыруға негіз қалай алады» деді.
Еуразия Экономикалық Одағы 2015 жылдың қаңтар айында Беларусь, Қазақстан және Ресей тарапынан құрылды. Армения де 2015 жылдың қаңтар айында осы одақтың толық мүшелігіне өтті.