Лариджани: Алпауыт елдердің лаңкестікті қолдауы олардың өздерін қиындықтарға шырмады
Шіл 06, 2017 19:33 Asia/Almaty
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің спикері алпауыт елдердің лаңкестікті қолдауының, соның ішінде қаржылай көмектесуінің олардың өздерін қиындықтарға шырмағанын айтты.
Али Лариджани Иранның солтүстігіндегі Рашт қаласында өткен Гилан облысының әкімшілік кеңесінің отырысында: "Лаңкестікке кейбір үкіметтер тарапынан қолдау көрсетіліп келе жатқанына көп жылдар болды. Бұл әрекеттер ИИР-на әсер еткен жоқ. Дұрыс басқарудың нәтижесінде бұл мәселелер шешімін тапты. Америка Сенатының Иранға санкция салған жуырдағы әрекеті жауапсыз қалмайды. Ол үшін америкалықтар да құн төлейді" деді.
Тегтер