Сақшылар корпусы шекараны бұзғаны үшін саудиялық қайықты тоқтатты
Иран ІІМ Шекара істері жөніндегі департаментінің бас төрағасы Мохаммад Ағабабаи жұма күні Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің Парсы шығанағындағы Фарси аралынан 4 миль қашықтықта шекараны бұзғаны үшін Сауд Арабиясының бір кемесін тоқтатқаны туралы хабарлап:
"Бейсенбі күні кешке Фарси аралынан 4 миль қашықтықта шекараны бұзғаны үшін үндістандық 4 экипажы бар бұл арабстандық қайықты Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштері ұстап, заңды процедуралардан өту үшін Иран Теңіз күштеріне табыстаған болатын. Саудиялық қайықтың төрт экипажы құрықталып, оларды тергеу ісі әлі жалғасуда",- деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің заңсыз саудиялық қайыққа қатысты заңды әрекеті Сауд Арабиясы жағажай күштерінің жуырда теңіз толқындарының салдарынан бағытынан ауытқып кеткен екі ирандық балықшы қайыққа қатысты адамгершілікке жатпайтын және халықаралық келісімдерге қайшы әрекет жасап, оларға оқ атқан жағдайда орын алып отыр. Сол атыс салдарынан бір ирандық балықшы қаза болды.