Зариф Мосулдың толық азат етілуімен құттықтады
ИИР Сыртқы істер министрі Ирак үкіметі мен халқын осы елдің солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан толық азат етілуімен құттықтады.
Мохаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Ирактың ержүрек халқы бірігетін болса, олардың қалаған нәрсеге қол жеткізуі үшін ешқандай шектеу жоқ",- деп жазды.
Сонымен қатар, Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани Ирак шиіттерінің жетекшісі аятолла Систани мен елдің премьер-министрі Хайдер әл-Абадиге жолдаған жеке-жеке хаттарында Мосул қаласының толығымен азат етілуімен құттықтап: "Мосулды азат ету рухани ұлы тұлғаның жетекшілігі, үкіметтің дұрыс шара қолдануы мен Ирактың ержүрек әскері және Хашд аш-Шааби халықтық ерікті күштерінің жанпидалығының арқасында Ирак халқына қарсы қылмыскер ДАИШ тобының осы елде орналасуы мен қатыгездік әрекеттерін тоқтату жолындағы үлкен жетістік саналады",- деп жазды.
Сонымен қатар, Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы генерал-майор Мохаммад Бағери мен Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Дехқан Ирактың лауазымды тұлғаларына жолдаған жеке-жеке хаттарында Мосулдың толық азат етілумен құттықтады.