ДАИШ-тың қылмыстарын адамзат тарихындағы басқа қылмыстармен салыстыруға болмайды
Ислам революциясы Сақшылар Корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Солеймани дүйсенбі күні Теһранда «ДАИШ қылмыстарын адамзат тарихындағы басқа қылмыстармен салыстыруға болмайды» деп:
«Ирак халқы бұл жылдары БААС бүліктерінен қатерлі қиындықтармен бетпе-бет келді. Яғни, ДАИШ деп аталған апат Ирактың бірлігі мен жеріне ғана емес, әлем үшін үлкен қатер болды. ДАИШ-тың ислам әлеміне келтірген көптеген шығыны ислам тарихында бұрын-соңды кездеспеген. ДАИШ-тың қылмыстары әлем тарихында ерекше болды»,- деді.
Сақшылар Корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абадидің ДАИШ лаңкестік тобына қарсы соғыстағы рөліне тоқталып: «Ирак халқының жеңісіне аятолла Систанидің даналығы, тақуалығы мен қырағылығы себеп болды. Өйткені, бұл ғұламаның пәтуасы ирактық жастардың көтерілуіне себеп болып, Ирак халқының жеңісіне маңызды әсер еткен әл-Хашд әш-Шааби күштерінің құрылуына үлес қосты»,- деді.