Иран Йеменнің әл- Хадджа облысының базарын бомбалауды айыптады
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы ондаған Йемен азаматының өлімі мен жаралануына соқтырған Сауд Арабиясы ұшақтарының Йеменнің әл- Хадджа облысының базарына жасаған шабуылдарын айыптады.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари Йемен халқы мен Сауд Арабиясы ұшақтарының жасаған шабуылдарынан құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Тұрғын аймақтар мен әскери емес нысандарға шабуылдарды күшейту және жәрдем беруші халықаралық жауапты ұйымдар мен органдардың көмектеріне тосқауыл болу гуманитарлық құқық қағидаларын әшкере түрде бұзу болып саналады» деді.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ БҰҰ және Йемен дағдарысында ықпалды елдерден шабуылдарды дереу тоқтату және әскери емес азаматтардың, әсіресе йемендік әйелдер мен балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шара қабылдауды сұрады.
Саудияның шапқыншы бомбалаушы қырғи ұшақтары кеше сейсенбі күні екі рет Йеменнің әл- Хадджа облысының Мастаба ауданының базары мен ресторанын бомбалады. Соның салдарынан әскери емес 107 азамат, соның ішінде көптеген әйелдер мен балалар қаза тауып, 41 адам жараланды.