Нау 16, 2016 23:39 Asia/Almaty
  • Иран мен Грекия мұнай сату туралы келісімшарт жасады

Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Грекияның «Hellenic Petroleum» компаниясы мұнай сатылымын қайтадан бастау үшін келісімшартқа қол қойды.

Иран Мұнай министрлігінің ОПЕК істері және энергия ұйымдарымен байланысу басқармасы бүгін сәрсенбі күні мәлімет жариялап: «Hellenic Petroleum» Грекияның ең үлкен мұнай өңдеуші компаниясы ретінде Иран мұнайының дәстүрлі клиенттерінің қатарында болған. Жасалған келісім бойынша 2016 жылдың наурыз айының соңына дейін шикі мұнайдың алғашқы тиелімі осы грекиялық компанияға табыс етіледі» деп мәлімдеді.

Иранның мұнай ұлттық компаниясы Ресейдің «Лукойл», Францияның «Total» және Испанияның «CEPSA» компаниясымен шикі мұнай сату келісімшарттарына қол қойған соң шикі мұнай сату үшін Грекияның «Hellenic Petroleum» компаниясымен келісімшартқа отырды.

Иран Мұнай министрінің халықаралық істер бойынша орынбасары Әмир Хосейн Заманиния бұл жөнінде: «Бұдан бұрын «Hellenic Petroleum» компаниясымен есеп айырысу және Ираннан мұнай сатып алуы үшін ортақ бастапқы меморандум жасалды» деді.

Иран Мұнай министрінің халықаралық істер бойынша орынбасары сөзінің жалғасында осы меморандум арқылы Грекияның Иранға қарызы өтелетінін мәлімдеді.

Тегтер