Ислам революциясының Сақшылар корпусы Ирак пен Сириядағы ДАИШ-пен күресте оң рөл атқарды
https://itolqyn.com/news/iran-i28952
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің Ирак мен Сирия елдерінде ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі талпыныстары аймақ тарихында мәңгіге қалады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 14, 2017 17:32 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының Сақшылар корпусы Ирак пен Сириядағы ДАИШ-пен күресте оң рөл атқарды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің Ирак мен Сирия елдерінде ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі талпыныстары аймақ тарихында мәңгіге қалады",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің Ирак пен Сирия елдерінде ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі талпыныстары аймақ тарихында мәңгіге қалады",-деді.

Әли Лариджани бейсенбі күні Теһран облысының оңтүстігіндегі Құм облысында өткен бір рәсімде халықаралық коалициялардың аймақта ДАИШ лаңкестерімен күресте әсерсіз болғанына тоқталып: "Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштері Ирак пен Сирияда осы екі елдің халқына көмектесуге асықты",-деді. 

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ,  Мосулдың ДАИШ лаңкестік тобынан азат етілгеніне тоқталып: "Бұл үлкен сәттілік Ирак армиясы мен халқының талпыныстарының арқасында орын алды. ИИР-ның осы саладағы көмегі аймақ тарихында мәңгілікке қалатын іс болды",-деді.