Зариф Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Кения Сыртқы Істер Министрлерімен кеңесті
https://itolqyn.com/news/iran-i28958-Зариф_Әзірбайжан_Қазақстан_Қырғызстан_және_Кения_Сыртқы_Істер_Министрлерімен_кеңесті
Иран Сыртқы Істер Министрі Әзірбайжан және Қазақстан Республикалары Сыртқы Істер Министрлерімен телефон арқылы сұхбаттасып, кеңесті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 15, 2017 15:44 Asia/Almaty
  • Зариф Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Кения Сыртқы Істер Министрлерімен кеңесті

Иран Сыртқы Істер Министрі Әзірбайжан және Қазақстан Республикалары Сыртқы Істер Министрлерімен телефон арқылы сұхбаттасып, кеңесті.

ИИР Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф жұма күні Әзірбайжан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Ельмар Мамедъяров және Қазақстан Сыртқы Істер Министрі Қайрат Әбдірахмановпен аймақтағы соңғы өзгерістер мен екіжақты қатынастар жөнінде сұхбаттасып, пікір алмасты.

Зариф сондай-ақ Кения Сыртқы Істер Министрі Амина Мохаммед және Қырғызстанның Сыртқы Істер Министрі Эрлан Абдылдаевпен телефон арқылы кеңесулерінің жалғасында екіжақты және аймақтық қарым-қатынастардағы өзгерістерді талқылады.