Иран АҚШ-тың жаңа саңкцияларына қарымта санкция салады
(last modified Wed, 19 Jul 2017 08:52:59 GMT )
Шіл 19, 2017 14:52 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың жаңа саңкцияларына қарымта санкция салады

ИИР СІМ АҚШ-тың заңсыз санкциялар тізіміне жаңа адамдардың есімдерін қосуға бағытталған мәнсіз әрекетін айыптап: «Иран да қарымта әрекетте АҚШ-тың бірқатар жеке және құқықтық тұлғаларына санкция салады»,-деді.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі сейсенбі күні Вашингтонның ИИР-на қарсы қастық әрекеттерін жалғастырып, 18 ирандық және шетелдік азамат пен топты әртүрлі себептермен, соның ішінде Иранның зымырандық бағдарламасына қатысы бар деген сылтаумен өзінің санкциялар тізіміне енгізді.

АҚШ-тың ирандық азаматтар мен ұйымдарына қатысты жаңа санкциялары АҚШ Президенті Дональд Трамптың дүйсенбі күні Иранның ядролық келісімге берік екенін екінші рет мойындаған жағдайда салынып отыр.

ИИР Сыртқы істер министрі  АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухын бұзу деп атап: «Бұл санкциялар екі ел арасында текетірестің артуына себеп болады»,-деді.  

Мұхаммад Джавад Зариф  сейсенбі күні АҚШ-тың CBS арнасына берген сұхбатында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – көп қырлы келісім. Бір тарап өздігінен оның күшін жоя да,  қайта қарауға жібере де алмайды»,-деді.