Армения технология мен жаңартылатын энергия салалары бойынша шетелдік инвестицияларды қабылдауға әзір
Шіл 19, 2017 22:54 Asia/Almaty
Арменияның Ирандағы елшісі: "Армения ақпараттық технологиялар, байланыс және жаңартылатын энергия салалары бойынша шетелдік инвестицияларды қолдайды" деді.
Арменияның Ирандағы елшісі Арташес Туманян Гүлстан облысының өнеркәсіптік қалашықтарын аралау кезінде екі ел арасындағы инвестиция мөлшерін арттыруды сұрап, екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту арқылы Армения мен Иран арасындағы сауда айналымында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болатынын айтты.