Ирактың қауіпсіздігі – Иранның қауіпсіздігі
(last modified Sun, 23 Jul 2017 02:44:07 GMT )
Шіл 23, 2017 08:44 Asia/Almaty
  • Ирактың қауіпсіздігі – Иранның қауіпсіздігі

ИИР Қорғаныс министрі бригада генералы Деһқан Ирактың қауіпсіздігін Иранның қауіпсіздігі деп атады.

Бригада генералы Хосейн Деһқан Теһранда Ирактың Қорғаныс министрі дивизия генералы Ерфан әл‑Хайалимен кездесіп: «ИИР Ирак үкіметі мен халқына қолдау көрсетіп, әріптестік жасауды жалғастырады. Өзінің барлық саяси‑экономикалық және әскери әлеуетін Ирактың әлеуетімен бірге бұл елде баянды қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатып, мықты Ирак елін құруға жұмсайды»,‑деді.

Бригада генералы Деһқан Иракта аумақтық және ұлттық біртұтастықтың болуын осы елдің барлық ұлттары мен тайпаларының тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен мүдделерінің сақталуы үшін кепілдік деп атап, ИИР-ның Ирактағы сепаратистік әрекеттерге қарсы екенін мәлімдеді.

Иранның Қорғаныс министрі, сондай‑ақ, кейбір аймақ елдерінің терроризмге қолдау көрсетіп, АҚШ пен сионистік режимге аймақта бейберекеттік тудыруға көмектесіп жатқанына тоқталып: «Терроризмнің тамыры түбірімен жойылатындығына үміттену үшін лаңкестік пен оны демеушілерге қарсы аймақтық және әлемдік консенсуске келу керек»,‑деді. 

Ирактың Қорғаныс министрі дивизия генералы Ерфан әл‑Хайали осы кездесуде Иран үкіметі, халқы мен Қарулы күштерінің Иракқа лаңкестікпен күресте жан аямай көмектескеніне алғыс айтып, бұл қолдаудың Ирак халқының ДАИШ‑ты жеңуде шешуші рөл атқарғанына тоқталып: «Ирак өткен тәжірибелерге сүйеніп, жарқын болашақты көздейді»,‑деді.

Ирактың Қорғаныс министрі сенбі күні таңертең қорғаныс саласындағы делегацияны бастап, ИИР Қорғаныс министрінің ресми шақыруымен Теһранға келді.

 

Тегтер