Иранның территориялық суларында Сауд Арабиясының басқыншы кемесі құрықталды
https://itolqyn.com/news/iran-i29188
Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысының балық өнеркәсібі департаментінің қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы: «Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты теңіз күштері жұма күні Сауд Арабиясына тиесілі бір балық аулаушы кемені Бушер облысының суларында Парсы аралының маңындағы шекараға басып кіргені үшін құрықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 23, 2017 09:36 Asia/Almaty
  • Иранның территориялық суларында Сауд Арабиясының басқыншы кемесі құрықталды

Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысының балық өнеркәсібі департаментінің қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы: «Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты теңіз күштері жұма күні Сауд Арабиясына тиесілі бір балық аулаушы кемені Бушер облысының суларында Парсы аралының маңындағы шекараға басып кіргені үшін құрықтады.

Бұл – өткен бір айдың ішінде балық аулау үшін Иранның шекаралық суларына кіріп, экипаж мүшелері қамауға алынған Сауд Арабиясының екінші кемесі»,‑деді.