«Сайяд-3» зымыранын жасау технологиясына тек бірнеше ел ғана ие
(last modified Sun, 23 Jul 2017 08:30:16 GMT )
Шіл 23, 2017 14:30 Asia/Almaty
  •  «Сайяд-3» зымыранын жасау технологиясына тек бірнеше ел ғана ие

Иран армиясы Хатам ул-Анбия (с.) әуе-қорғаныс гарнизонының басшысы Исмаили: ««Сайяд-3» ұзақ қашықтыққа арналған әуе-қорғаныс зымырандарын жасау технологиясының толық кешені тек бірнеше елдің қолында бар. Ирандық мамандар мұны санкция жылдары елдің ішкі қабілетіне сүйеніп, жобалап жасады»,-деді.

Иран армиясы Хатам ул-Анбия (с.) әуе-қорғаныс гарнизонының басшысы бригада генералы Фарзад Исмаили сенбі күні Теһранда «Сайяд-3» әуе қорғаныс зымырандарын өндіру желісінің ашылу рәсімінде: ««Сайяд-3» зымыранының тұсауын кесу тек бір зымыран жасау ғана емес, жаңа технология тудыру болып табылады.

Ұзақ қашықтыққа арналған  «Сайяд-3»  әуе-қорғаныс  зымыраны электрондық соғыста көптеген қабілетке ие. Оны төмен биіктіктегі нысаналарға қарсы қолдануға болады.

«Талаш-2» қарулы жүйесімен жарақталған бұл зымыран Иранның біртұтас әуе-қорғаныс желісіне қосылды. Ол «Сайяд-1» мен «Сайяд-2» зымырандарының қабілеттеріне де ие»,-деп қуаттады.