Палестина – ислам әлемінің бірінші мәселесі
https://itolqyn.com/news/iran-i29202-Палестина_ислам_әлемінің_бірінші_мәселесі
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми «Сионистердің Құдс Шәріптегі қасиетті мекендерге палестиналықтардың қолжетімділігіне қатысты құқықтарын бұзып, оларды ауқымды түрде басып-жаныштау ісін жалғастыруы мазлұм Палестинаның әлі де ислам әлемінің бірінші мәселесі екендігін көрсетеді» деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 23, 2017 20:17 Asia/Almaty
  • Палестина – ислам әлемінің бірінші мәселесі

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми «Сионистердің Құдс Шәріптегі қасиетті мекендерге палестиналықтардың қолжетімділігіне қатысты құқықтарын бұзып, оларды ауқымды түрде басып-жаныштау ісін жалғастыруы мазлұм Палестинаның әлі де ислам әлемінің бірінші мәселесі екендігін көрсетеді» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми бүгін, жексенбі күні басып алынған Құдста сионистердің Палестинаның мазлұм халқын әл-Ақса мешітінде намаз оқытпауды сылтауратып, басып-жаныштауды жалғастыруын айыптап: «Ақпарат құралдары мен азат ойлы адамдар, әлем халықтары мен үкіметтері басқыншы сионистердің адамгершілікке жат әрекеттерімен күресте Палестинаның мазлұм халқына қолдау танытуы тиіс» деді.  

Ғасеми Құдс Шәріп пен мұсылмандардың алғашқы құбыласы әл-Ақса мешітінің әлемдегі барлық мұсылмандары мен Палестина халқына мәңгілік тиесілі екендігін қуаттап: «Сионистік режим аймақта үкіметтік лаңкестік пен қорқыныш таратудағы негізгі фактор ретінде әрекет етуде» деді.

Ғасеми өздерін исламның өзегі әрі ислам әлемінің білігі санап, уәж айтатын аймақтағы кейбір елдердің үнсіздігін сынға алып, халықаралық қауымдастықтан, әсіресе БҰҰ-нан сионистік режимнің басып-жаныштау әрекеті мен нәсілдік және мазһабтық дискриминациялық саясаттарына кесімділікпен тойтарыс беруді сұрады.