Халықаралық ұйымдар сионистік режимнің іс-әрекеттеріне қатаң шара қолдануы қажет
https://itolqyn.com/news/iran-i29240-Халықаралық_ұйымдар_сионистік_режимнің_іс_әрекеттеріне_қатаң_шара_қолдануы_қажет
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани сионистік режимнің әл-Ақса мешітінде палестиналықтарға қарсы жасаған әрекеттерін айыптап, халықаралық ұйымдардың Израильдің адамгершілікке жат әрекеттеріне қатысты қатаң шара қолдануын сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 24, 2017 22:07 Asia/Almaty
  • Халықаралық ұйымдар сионистік режимнің іс-әрекеттеріне қатаң шара қолдануы қажет

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани сионистік режимнің әл-Ақса мешітінде палестиналықтарға қарсы жасаған әрекеттерін айыптап, халықаралық ұйымдардың Израильдің адамгершілікке жат әрекеттеріне қатысты қатаң шара қолдануын сұрады.

Әли Лариджани дүйсенбі күні Палестина мен Құдс жерлерінің басып алынуын Ислам үмбетінің ортақ дерті деп атап: "Ислам әлемі  Палестинаның өзгерістерін алаңдаушылықпен қадағалап отыр" деді. 

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сионистік режимнің палестиналықтарды басып-жаншу әрекеттерін Құдсты толығымен еврейлендіру жобасының аясында жасалып жатқан іс-әрекеттер деп атап: "Ислам әлемі саяси текетірестер және лаңкестікпен күреске қарамастан Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) мешітін "қызыл сызық" ретінде таниды" деді. Сионистік режимнің әскерилері шілде айының он төртінен бастап  өткен жексенбіге дейін осы режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың бұйрығымен әл-Ақса мешітінің есіктерін палестиналық намазхандар үшін жауып тастады. Бұл есіктер қайтадан ашылғаннан кейінде мешіттің кіреберістеріне намазхандарды тексеру үшін қауіпсіздік қақпалары құрылды. 

Сионистік режимнің осындай дұшпандық әрекеттері палестиналықтар мен көптеген ислам елдері қайраткерлерінің наразылығын тудырды.