Иран мен Қытай Теһран-Мешхед темір жолын электрлендіру келісіміне қол қойды
Шіл 26, 2017 07:30 Asia/Almaty
ИИР мен Қытай Теһран-Мешхед темір жолын электрлендіру мақсатында 1,5 миллиард долларлық келісімге қол қойды.
Келісімге Иранның Өнеркәсіп және тау-кен банкінің бас директоры Әли Ашраф Афхами мен Қытайдың Exim Bank директорының орынбасары Сун Пинг қол қойды.
Әли Ашраф Афхами Қытайдың Exim Bank-мен 16 ай бойы қарқынды келіссөздер жүргізіп, бір келісімге қол жеткізгендерін мәлімдеді.
Тегтер