Иран Америкаға кесімді жауап береді
ИИР-ның президенті Рухани Америка Конгресінің Иранға қарсы жуырдағы санкциялар жобасына реакция білдіріп: «Иран Америка Конгресінің Иранға қарсы жаңа әрекетіне кесімді жауап береді» деді.
Рухани Үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде: «Америка Иранға қарсы 40 жыл бойы қысым жасап, санкция салып, аймақтағы кейбір елдерді арандатып, айдап салудың барлық кезеңінде жеңіліспен бетпе-бет келді. Америкалықтар Иран халқымен бетпе-бет келудегі жеңілістерінен сабақ алуы керек. Егер Америка сезімтал Таяу Шығыс аймағы тұрақтылыққа ие болып, қауіпсіз болсын десе, әрі осы аймақтың сезімтал су жолдарының әлем үшін қауіпсіз болуын қаласа, қазіргі саяаттарын доғарып, Иран халқының ешқашан қастандықтарға берілмей, өз жолын жалғастыратынын білсін. Америка Иран халқының құқығын құрметтеп, тек құрметтің арқасында ғана халықтың құқығына қол жеткізіліп, бейбітшілік жолына түсумен Америка халқы мүддесінің қамтамасыз етілетінін білуі керек. Американың дұшпандығы Иран республикасы жүйесімен ғана дұшпандық емес. Америка Иран халқының табандылығы мен үлгіге айналуына төзе алмайды. Олар осы сезімтал аймақта Иранның тәуелсіз әрі ықпалды ел екендігін қабылдай алмайды» деді.
Америка Конгресінің Өкілдер палатасы сейсенбі күні кешке Вашингтонның Теһранға қарсы дұшпандық қатынасының жалғасында Иранға қарсы жан-жақты санкциялар жобасын 419 оң дауыспен бекітті.