Иран қарсыласу өзегіне қолдау танытуда еш күмәнданбайды
Иран Мәжілісінің төрағасы Лариджани: «ИИР қарсыласу өзегіне қолдау танытып, лаңкестерді басып-жаныштауда еш күмәнданбайды. Бұл мәселе – исламдық әрі адами міндет» деді.
Әли Лариджани Теһранда Ливан Парламентіндегі «Қарсыласу өзегіне адалдық» фракциясының төрағасы Мохаммад Радпен кездесуде: «Еш күмәнсіз, қарсыласу күштерінің Ливанның Арсал аймағындағы лаңкестік топтармен күресі тарихта қалатын болады. Бұл жетістікке кейбір авантюрист елдер қарсыласу күштерімен күресуді мақсат еткен жағдайда қол жеткізілді. Қарсыласу өзегінің табандылығы лаңкестердің Ирак пен Сирияда үсті-үстіне жеңіліс табуына себеп болды. Қарсыласу өзегінің жеңістерінің артуымен аймақтың кейбір елдері Американың көмегімен Хезболлаға санкция салу туралы мәселе көтеруде. Шәксіз, бұл елдер мұндай мәселелерді көтеру арқылы өздерінің абыройларын түсіреді» деді.