Иран Мәжілісі Американың санкциялар туралы заң жобасына жауап береді
(last modified Thu, 27 Jul 2017 16:15:41 GMT )
Шіл 27, 2017 22:15 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісі Американың санкциялар туралы заң жобасына жауап береді

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы осы органның америкалықтардың Иранға қарсы санкция салу туралы заң жобасына жауап беретінін мәлімдеді.

Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні кешке Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Машһад қаласында сөйлеген сөзінде Америка Конгресінің санкция салу туралы заң жобасына тоқталып: «Иран Американың әрекеттеріне жауап беру үшін тиісті мүмкіндіктерге ие. Сол мүмкіндіктерін дер уақытында қолданатын болады. Америка Конгресі Өкілдер Палатасының заң жобасы америкалықтардың осындай әрекеттерді  сасқалақтап, ашу үстінде жасайтынын көрсетеді» деді. 

Ол заң жобасының жарнамалық сипатқа ие екенін айтып: «Иран Мәжілісі Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұрмалағанына қатысты жоба дайындады.  Бұл тақырып шынайы түрде қадағалануда» деді.

Иран Мәжілісінің төрағасы сонымен қатар «Ортақ қадам» бағдарламасын халықаралық келісім деп атап, Иран дұшпандарының алаңдаушылықтарын ИИР-ның аймақтағы жетістіктерімен байланыстырды.