Велаяти: Иран Американың санкцияларына жауап беру үшін айбынмен шешім қабылдайды
(last modified Thu, 27 Jul 2017 16:16:57 GMT )
Шіл 27, 2017 22:16 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран Американың санкцияларына жауап беру үшін айбынмен шешім қабылдайды

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иранның Американың жаңа санкцияларына жауап беру үшін тиісті, сәйкес және айбынды шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бақылау комитетінің ирандық мүшесі Әли Лариджани Американың Өкілдер Палатасының Иранға қарсы жаңа санкцияларының жобасына реакция білдіріп: «Америка президенті Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттары мемлекетінің іші мен халықаралық аренада әлсіреуіне соқтырады. Америка Еуропаның да олардың шараларына қолдау көрсетуін күтеді. Бірақ, еуропалықтар Америкаға ермейді. Бұл мәселе Батыста жіктің пайда болуына ұластырады. Иран Американың қысымы мен қоқан-лоққысына мойынсұнбайды немесе артқа шегінбейді. Себебі, Иран Американың бір қоқан-лоққысына бола олардың бопсалауына көне қоятын аймақтың кейбір елдері сияқты емес» деді.