Ғасеми: АҚШ Иранға қарсы тағы санкция салып, қателігін қайталап отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i29358
ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: "АҚШ-тың Иранға қарсы тағы санкция салуы Вашингтонның Иран халқына қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасы әрі АҚШ-тың бұрынғы қателіктерін қайталауы болып табылады" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 28, 2017 07:20 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ Иранға қарсы тағы санкция салып, қателігін қайталап отыр

ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: "АҚШ-тың Иранға қарсы тағы санкция салуы Вашингтонның Иран халқына қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасы әрі АҚШ-тың бұрынғы қателіктерін қайталауы болып табылады" деді.

ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми сәрсенбі күні "әл-Әлам" арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың жаңа санкцияларын "Ортақ қадам" бағдарламасының рухына қайшы деп сипаттап: "Бұл әрекеттер АҚШ-тың Иран мен аймақтық мәселелер туралы түсініктерінің қате екенін және Иран мен аймаққа қатысты жасаған бұрынғы стратегиялық қателіктерінен сабақ алмағанын көрсетеді" деді.

Ғасеми АҚШ-тың әрдайым ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерін күшейтуді көздейтінін айтып: "Әлем мен аймақтың, тіпті АҚШ-тың қазіргі кездегі жағдайы бұрынғы кездерден өзгеше. Бүгінгі АҚШ-тың кешегі АҚШ-тың дәрежесіндей күш-құдіреті жоқ. Бүгінгі Еуропа да бұрынғы Еуропа емес." деді.

Ол сонымен қатар аймақтың қауіпсіздігін барлық елдер үшін пайдалы деп атап: "Иран аймақта қауіпсіздік пен тыныштық орнату үшін көп талпыныс жасады. Аймақтың дамуы мен тыныштық деңгейін арттыру керек" деді.