Лариджани: Иран АҚШ-тың жаңа санкцияларымен күресуге дайын
(last modified Fri, 28 Jul 2017 16:28:33 GMT )
Шіл 28, 2017 22:28 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран АҚШ-тың жаңа санкцияларымен күресуге дайын

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкия салудағы мақсаты Иранда инвестиция салу үдерісінің алдын алу үшін шетел инвесторлары арасында алаңдаушылық тудыру болып табылады",- деп мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани бейсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Гонабад қаласында өткен конференцияда АҚШ-тың Өкілдер палатасында Иранға қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасының бекітілгеніне сілтеме жасап: "Бұл әрекеттің ең маңызды мақсаты шетелдіктердің Иранда инвестиция салуының алдын алу үшін алаңдаушылық пен психологиялық теріс кеңістік тудыру болып табылады",- деді.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ санкцияларының соны мәселе еместігін, олардың АҚШ-тың жаңа президентінің бұйрығымен Өкілдер палатасында бекітілген бұрынғы санкциялар екендігіне тоқталып: "ИИР лауазымды тұлғалары мен Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы салынған санкциялар тек қағаз жүзіндегі, көбінесе жарнамалық тұрғыдағы әрекет саналады",- деп мәлімдеді.