Теһран намазхандары сионистік режимнің қылмыстарына қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды
https://itolqyn.com/news/iran-i29380-Теһран_намазхандары_сионистік_режимнің_қылмыстарына_қарсы_наразылық_шеруін_ұйымдастырды
Теһран жұма намазына қатысқан намазхандар наразылық шеруін ұйымдастыру арқылы басып алынған Палестина мен Мьянма мұсылмандарына қарсы жасалған қылмыстарды айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 29, 2017 17:46 Asia/Almaty
  • Теһран намазхандары сионистік режимнің қылмыстарына қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды

Теһран жұма намазына қатысқан намазхандар наразылық шеруін ұйымдастыру арқылы басып алынған Палестина мен Мьянма мұсылмандарына қарсы жасалған қылмыстарды айыптады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, шерушілер Теһран жұма намазынан кейін Палестина мен Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы қылмыстарды айыптайтын ұрандар айтып, мұсылмандарды АҚШ бастаған әлемдік үстемшілдікке қарсы бірігуге шақырды.

Наразылық шерудің соңында мәлімдеме жариялап, жуырдағы сионистердің мазлұм Палестина халқына қарсы жасаған қылмыстарын, әл-Ақса мешітіндегі намазхандарды рақымсыз өлтіру мен нәсілшіл әсірешілдердің Мьянманың бейкүнә және панасыз мұсылмандарын өлтіру әрекеттерін айыптап: "Сионистік режим Палестина интифазасы мен халықтың қарсыласуынан қорқады. Сол себепті Израиль әл-Ақса мешіті мен Палестинаға билік етуге талпыныс жасап жатыр. Бұл жолда ешбір қулық пен қылмысты іске асырудан аянып қалған жоқ. Бірақ Израильдің үстемшілері мен басшылары Палестина халқы интифазасының ақырғы жеңіс пен Израильдің көзі жойылғанға дейін жалғасатынын білгені жөн",- деп баса айтты.