Шіл 30, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Арақчи: Конгрестің қаулысы – АҚШ-тың Иранмен дұшпандығының жалғасы

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын қадағалау штабының ирандық басшысы Арақчи АҚШ Конгресінің жуырдағы қаулысын Иранға қарсы дұшпандық әрекет деп атап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандығын азайту күтілген жоқ»,-деді.

Сейіт Аббас Арақчи сенбі күні кешке Иранның Бірінші арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың ИИР-мен жауластығының жалғаса беретіндігіне тоқталып: «Иранның АҚШ дұшпандығымен күресі де жалғаса береді»,-деді. 

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары ИИР-ның 38 жыл бойы АҚШ-тың дұшпандығымен күресіп келе жатқанын айтып, ИИР құдіретінің құпиясын табандылық деп атады.

Сейіт Аббас Арақчи: «Трамп пен АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоюды көздейді, алайда бұл бағдарламадан Иран өзі бірінші болып шығатындай жағдай қалыптастырғысы келеді»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына өз мүддесін қамтамасыз еткенге дейін берік болып қалатынын айтып: «Иран АҚШ-тың дұшпандығына жауап береді, бірақ Трамптың ойын алаңында ойнамайды»,-деді.

 

Тегтер