Санкциялардың негізгі жеңіліс табушысы АҚШ-тың өзі
(last modified Mon, 31 Jul 2017 10:35:22 GMT )
Шіл 31, 2017 16:35 Asia/Almaty
  • Санкциялардың негізгі жеңіліс табушысы АҚШ-тың өзі

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы ВелаятиАҚШ-тың жуырдағы Ресей мен Иранға қарсы жариялаған санкцияларына сілтеме жасап: "Америкалықтардың өздері осы мәселенің негізгі жеңіліс табушысы болады",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти жексенбі күні Ресейдің Шығыстану институтының басшысы Виталий Наумкинмен кездесуінде Теһранда тілшілерге берген сұхбатта: "Иран Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағадарламасын бұзу әрекетіне қарсы кесімді әрі қатаң жауап береді",- деді.

Велаяти сонымен қатар Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың көлемі жайында: "Екі жақты сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артты. Бұл әріптестіктер көбінесе саяси, экономикалық, қауіпсіздік және қорғаныс салаларын қамтиды. Сондай-ақ, ынтымақтастықтар одан әрі даму үстінде",- деп мәлімдеді.

Ресей Шығыстану институтының басшысы Виталий Наумкин бұл кездесуде екі жақты мәселелер мен аймақ түйткілдерін шешудегі екі елдің ұстанымдарын бір-біріне ұқсас әрі жақын деп атап: "Аймақта шетел мемлекеттерінің араласушылық әрекеттері шынайы мәселер тудырып, көптеген адамдардың құрбан болуына соқтырды",- деді.