Қажылық: жетекші көзқарасы
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше жексенбі күні таңертең биылғы жылғы қажылыққа жауапты басшылар мен осы іске қатысты адамдармен кездесуде қажылықты ислам үмбеті қабылдайтын тақырыптар бойынша ұстанымдарды жариялау үшін мүмкіндік деп атады.
Хазірет әл-Ақса мешітінің иелеріне қиындықтар тудырып, олардың мешітке кіруіне тосқауыл жасап жатқан сионистердің арсыздығына тоқталып: "Палестина мәселесі ешқашан ұмытылмауы керек.
Мұсылман халықтардың Палестина мен әл-Ақса мешіттері туралы ойларын айтып, ұстанымдарын білдіруі үшін ал-Харам, Мекке мен Медине, Арафат пен Машар және Минадан артық қандай жер болуы мүмкін?!",- деді.
Ислам революциясы жетекшісінің қажылық туралы, әсіресе Палестина мен Құдс Шәріп мәселелерін еске түсіріп айтқан сөздері қажылықтың түрлі аспектілер бойынша Ислам әлемінің тағдырына әсер етуші рөлінің белгісі саналады.
Бүгінде аймақ лаңкестік-тәкфиршіл топтардың әрекеттері секілді әртүрлі үлкен түйткілдерге тап болып отыр. Сондықтан мұсылман халықтар қажылық кезінде осы мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын білдіруі тиіс.
Қажылық пен ақпарат құралдары саласының зерттеушісі әрі сарапшысы Мұхаммад Реза Хошру Goftegoo радиосының қажылық туралы "Мейғат" атты бағдарламасында қажылықтың ерекшеліктері жайында: "Қажылық мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағының көрінісі болуымен қатар, дұшпандар үшін қауіп болып табылады. Себебі, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ой-көзқарастары әртүрлі мұсылмандар бір жерде жиналып, бір-бірімен танысу арқылы өз дұшпандарын да таниды",- деді.
Қажылық парызы ислам үмбетінің ұлылығын көрсетеді. Сондай-ақ, өз өмірінің мәнін үстемшілдердің қалауларын орындау мен сионизм және АҚШ-тың одақтасы болу деп санайтын сатқын режимдермен күресе алатындай қабілеті бар екендігіне еш күмән жоқ.
Хазірет аятолла Хаменеи барша мұсылман халықтарды өте маңызды әрі қажетті саналатын бірлік пен ынтымаққа шақырып: "Миллиардтаған доллар ақша мұсылмандар арасында алауыздық пен бөлінушілік тудыру үшін жұмсалып жатқан жағдайда мұсылмандар осындай алауыздық тудыруға көмектеспеуі керек",- деді.
Мұсылман елдері дағдарыстардың түп-тамырын жақсылап танып-біліп, ақиқаттарды түсінгені жөн. Үстемшілдіктің аймақта қауіп тудыруындағы мақсаты Палестина мәселесін ұмыттыруы саналады. Сионистік режим Сирия, Йемен және Иракта пайда болған лас кеңістікте Палестина халқына қарсы қылмыстар жасап, осы жерді мекендейтін халыққа қарсы қылмыстарын кеңейтіп, одан бетер арттыра түсті. Ислам революциясының жетекшісі осы тұрғыда: "Барлық лаңкестік ағымдардың ішіндегі ең жауыз әрі сұмпайысы – АҚШ режимі",- деп қуаттады.
Ислам революциясы жетекшісінің Қажылықтың Үлкен Конгресінің үстемшіл жүйе мен сионизмнің аймақтағы қастандық әрекеттерін әшкерелеу мен оларды залалсыздандыруда атқаратын рөлін баса айтуы қажылықтың әртүрлі аспектілердегі стратегиялық маңыздылығына деген терең әрі ауқымды көзқарасынан бастау алып отыр. Ислам әлемінің "жұмсақ күшін" арттыру және оның өрісін кеңейту мақсатында осы ерекше мүмкіндікті қолдан жібермеу керектігі айдан анық. Себебі, қажылық барша мұсылмандарға тиесілі. Олар осы салаларда көптеген саяси-әлеуметтік әлеуеттерге ие әрі ислам үмбетінің сенімі мен исламдық бірліктің көрінісі саналады.