Там 02, 2017 07:52 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың

Иранның Сыртқы істер министрі Зариф: "Теһран Вашингтонның "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттерін бұзуы мен дұшпандық әрекеттеріне сәйкесінше құқықтық және практикалық шаралармен жауап береді" деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Стамбұлда Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы Істер Министрлерінің төтенше отырысы аясында тілшілерге берген сұхбатында Иранның "Ортақ қадам" келісімінің жүзеге асырылуын бақылау комиссиясында 16 тараудың реттелгенін айтып: "Теһран "Ортақ қадам" келісімінің нәтижелерін пайдалануына кедергі келтіретін саясаттармен күресуге бағытталған шараларды іске асыра бастады" деді. 

Иранның Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы дұшпандық саясаттарын бұл елдің Иранға қарсы өшпенділігінің артуының белгісі деп атап: "Америкалықтар өздерінің күш-құдіретінің солғындауына себеп болған "Ортақ қадам"бағдарламасынан кейін Иранның күшейе түсуіне алаңдап отыр" деді.

Зариф "Ортақ қадам" бағдарламасының келісуші тараптардың сенімсіздігі салдарынан құрастырылғанын және аталмыш келісімде өзара сенімділікті көрсететін ешқандай белгінің байқалмайтынын айтып: "Жалпы "Ортақ қадам" келісімі тараптардың бір-біріне, әсіресе, Иранның АҚШ-қа қатысты сенімсіздігін көрсетеді. Сол себепті, бұл келісімде "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуға жеткізетін іс-әрекеттер нақты баяндалған" деді.

 

Тегтер