Ислам революциясының жетекшісі халықтың дауысын қуаттап, Руханиді ИИР Президенті лауазымына тағайындады
(last modified Thu, 03 Aug 2017 11:17:43 GMT )
Там 03, 2017 17:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі халықтың дауысын қуаттап, Руханиді ИИР Президенті лауазымына тағайындады

Бүгін, бейсенбі күні таңертең Теһранда имам Хомейни (р.) атындағы хосейниеде Ислам революциясының жетекшісі халықтың дауысын қуаттап, Хасан Руханиді ИИР Президенті лауазымына тағайындады.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи осы үкімде халықтың сайлауға жаппай қатысуы мен таңдалған адамның көп дауыс жинауын республикалық жүйенің нығаюының нышаны деп атап, қарсыласу экономикасын орындау қажеттігін қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи ИИР Президентіне өзінің бар күш-қуатын әділет орнату, қоғамның әлсіз топтарына қарайласу, шынайы исламның үкімдерін орындау, ұлттық бірлік пен абырой-беделді нығайту, елдің ішкі мүмкіндіктері мен әлеуеттеріне көңіл аудару және Ислам революциясының құндылықтары мен негіздерін шынайы түрде сақтау жолында жұмсауға кеңес берді.

Иранның Ішкі істер министрі осы рәсімде Президенттік сайлаудың он екінші кезеңінің өту үдерісіне қатысты есеп берді.

Иран Конституциясының 110-бабына сәйкес, «халық сайлағаннан кейін президент болу жарлығына қол қою» жетекшінің міндеттері мен өкілеттіктерінің қатарына жатады. Президентті сайлау заңына сәйкес, «президенттік кезең 4 жылға созылады және Ислам революциясының жетекшісі тарапынан сенімхатқа қол қойылған кезден басталады».

 

Тегтер