Шетелдік делегациялар Руханидің инаугурациясына қатысу үшін Теһранға келіп жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i29564-Шетелдік_делегациялар_Руханидің_инаугурациясына_қатысу_үшін_Теһранға_келіп_жатыр
Молдова, Ұлыбритания, Португалия, Сьерра-Леоне, Сан-Томе мен Принсипи, Венгрия, Суринам, Гвинея мен Литва елдерінің өкілдері Иранның он екінші президентінің инаугурациясына қатысу үшін Теһранға келді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 04, 2017 20:19 Asia/Almaty
  • Шетелдік делегациялар Руханидің инаугурациясына қатысу үшін Теһранға келіп жатыр

Молдова, Ұлыбритания, Португалия, Сьерра-Леоне, Сан-Томе мен Принсипи, Венгрия, Суринам, Гвинея мен Литва елдерінің өкілдері Иранның он екінші президентінің инаугурациясына қатысу үшін Теһранға келді.

ИИР Президенті Хасан Руханидің инаугурациясы ертең, сенбі 2017 жылдың 5 тамызында Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық алаңында өтеді.  Хасан Рухани 2017 жылдың 19 мамырында өткен президенттік сайлауда 23 млн-нан астам дауыс жинап, жеңіске жетті.

Молдованың Президенті Игорь Додон, Ұлыбритания мен Иран парламентаралық достық тобының британдық басшысы Ричард Бейкон, Иран мен Португалия парламентаралық достық тобының португал басшысы Фонсека Сильва, Сьерра-Леоне Парламентіндегі көпшілік тобының басшысы Хасан Шариф, Сан-Томе мен Принсипидің Сыртқы істер министрі Гонсалес Урбино, Венгрия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сильвестр Буш, Суринам Президентінің арнайы өкілі Анвар Лал Мұхаммад, Гвинея Парламенті төрағасының орынбасары Демба Фадига, Литва үкіметінің өкілі Адриус Брузга бейсенбі күні түстен кейін Теһранға келді.

Иранның он екінші президентін тағайындау рәсімі бейсенбі күні Теһранда имам Хомейни атындағы хосейниеде Ислам революциясы жетекшісінің құзырында өтті.