Әлем мемлекеттерінің басшылары Теһранға келіп жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i29570
Еуропа одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини ИИР-ның он екінші президентінің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін жұма күні кешке Теһранға келіп жетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 05, 2017 15:00 Asia/Almaty
  • Әлем мемлекеттерінің басшылары Теһранға келіп жатыр

Еуропа одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини ИИР-ның он екінші президентінің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін жұма күні кешке Теһранға келіп жетті.

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ирак президенті Фуад Масум, Сирия премьер-министрі Эмад Хамис жұма күні кешке елінің делегацияларын бастап Иранның он екінші президентінің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Теһранға келді.

Испания Сенатының төрағасы Пио Гарсия-Эскудеро жұма күні кешке Теһранда ИИР мен Испанияның қатынастарын жақсы деп бағалап, Мадридтің Теһранмен қарым-қатынастырын кеңейтуді қалайтынын мәлімдеді.

Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Винчензо Амендола сенбі күні таңертең Теһранға келгенде өз елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қолдау көрсететінін айтып: "Италия Еуропа одағының осы салада алға қойған мақсаттары мен саясаттарына бағынады",-деді.

Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Михаил Мясникович да Теһранға келгенде Минсктің ИИР-мен барлық салаларда, әсіресе парламенттер арасындағы қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Сонымен қатар Того Сыртқы істер министрі Роберт Дюссей, Оңтүстік Африканың Қауіпсіздік министрі Дэвид Мохлобо және Кипр Парламентінің төрағасы Диметрис Силурис Иранның он екінші президентінің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Теһранға келді.

Иранның он екінші президентінің ұлықтау рәсімі сенбі күні кешке Иранның билік және әскери басшылары мен 90-нан астам әлем мемлекеттерінің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің ғимаратының ауласында өткізіледі.