Там 06, 2017 06:56 Asia/Almaty
  • Иран мен Украинаның экономикалық қарым-қатынастарын нығайту үшін тікелей сауда байланысын орнату қажет

ИИР Вице-президенті Джаһангири Украина Премьер-министрінің орынбасарымен кездесуінде тікелей сауда байланысын орнатуды Иран мен Украина арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайту үшін қажет іс деп атады.

Исқақ Джаһангири ИИР Президенті Хасан Руханиді ұлықтау салтанатына  қатысу үшін Теһранға келген Украина Премьер-министрі Степан Кубивпен кездесуінде: «Екі ел басшылары мен делегацияларының барыс-келісі Теһран мен Киевтің қарым-қатынасын нығайтуда әсерлі  қадам саналады. Иран Украинамен барлық салалар бойынша  байланысты дамытуға дайын»,-деді.

Украина Премьер-министрінің орынбасары Степан Кубив те бұл кездесуде: «Украина мен Иранның сауда-экономикалық байланыстары тікелей, еш делдалсыз жүзеге асуы тиіс. Бұл іс арнайы бағдарлама мен жол картасының  жасалуын қажет етеді»,-деді.

 

 

 

Тегтер