Лариджани: Исламдық жүйеде теңдессіз шынайы демократия қалыптасқан
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сенбі күні түстен кейін ИИР Президенті Хасан Руханидің инаугурациясында: «Иранда президенттік сайлаудың он екінші кезеңін өткізу исламдық жүйеде теңдессіз шынайы демократияның орнағанын көрсетеді»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани осы рәсімге қатысқан отандық және шетелдік қонақтарға алғыс айтып: «Президенттік сайлаудың он екі кезеңін, Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың 10 кезеңін, Эксперттер кеңесіне сайлаудың 5 кезеңін, қалалық және ауылдық исламдық кеңестерге сайлаудың 5 кезеңін өткізу Иранда діни демократиялық жүйенің тереңдігін көрсетеді. Иранда 2017 жылдың 19 мамырында өткен сайлауға халықтың 72 пайызының қатысуы олардың исламдық жүйеге аса ынталы екенін, өз тағдырын шешуге атсалысуы ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) көрегендігін көрсетеді»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы аймақтың бейберекет жағдайында Иранда қауіпсіздіктің өте жақсы сақталғанын айтып: «ИИР жүйесінің әл-ауқат пен тұрақтылық орнату жолындағы талпыныстары аймақ үшін жақсырақ жағдайдың қалыптасатындығына үміт береді»,-деді.