Иранның Ислам революциясы шекарадан асты
https://itolqyn.com/news/iran-i29620
Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің төрағасы аятолла Джаннати "Иранның ислам революциясы елдің ішімен шектеліп қалмай, шекаралардан асты" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 06, 2017 22:04 Asia/Almaty
  • Иранның Ислам революциясы шекарадан асты

Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің төрағасы аятолла Джаннати "Иранның ислам революциясы елдің ішімен шектеліп қалмай, шекаралардан асты" деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің төрағасы аятолла Джаннати бүгін, жексенбі күні Теһранда Пәкістан Сенатының төрағасы Реза Раббанимен кездесуде ИИР-н әлемде ешбір елмен салыстыруға келмейтін ел деп атады.

Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің төрағасы имам Хомейнидің жетекшілігімен ислам революциясының жеңіске жетуін әлемдік тарихта бұрын-соңды болмаған оқиға деп атап: "Иранның ислам революциясы өткен отыз сегіз жылдағы барлық дұшпандықтарға қарамастан, ғиззатын сақтап қалды. Оның әртүрі салалардағы мәңгіліктігінің сыры мен жеңісі исламдық болуы мен Иран халқының ауызбіршілігінде" деді.

Пәкістан Сенатының басшысы Реза Раббани да екі елдің байланыстары, әсіресе мәжілісаралық қатынастар мен аймақтық және халықаралық мәселелер туралы ойын ортаға салды.