Иран көршілес елдермен байланыстарды кеңейтуге мүдделі
(last modified Sun, 06 Aug 2017 16:27:20 GMT )
Там 06, 2017 22:27 Asia/Almaty
  • Иран көршілес елдермен байланыстарды кеңейтуге мүдделі

Иран Ислам Республикасының президенті Армения президентімен кездесуде екі елдің мәдени-тарихи ортақтастықтарына тоқталып: "Теһран мен Ереван ортақтастықтарын пайдаланып, екі ел мен аймақ халықтарының пайдасы үшін оң қадамдар жасай алады" деді.

Иран президенті Хасан Рухани бүгін, жексенбі күні Теһранда Армения президенті Серж Саргсянмен кездесуінде: "Екі ел әртүрлі түрлі салалар бойынша, соның ішінде экономика мен мәдени салаларда, тасымал, энергетика, туризм мен транзит бойынша серіктестік жасау үшін мол негіздерге ие. Осы салаларды неғұрлым тезірек белсендірек ету екі халықтың мүддесі үшін пайдалы болмақ" деді.
Иран президенті сонымен қатар Қарабақ тақырыбына сілтеме жасап, бұл мәселенің шешімінің тек саяси жол екенін қуаттап, Армения мен Әзірбайжанның талпыныстары мен бастамашылығымен Қарабақ мәселесінің бейбіт жолмен шешілуіне үміт білдірді.

Армения президенті Серж Саргсян да кездесуде екі ел байланыстары деңгейінің  соңғы жылдары кеңеюін тілге тиек етіп, елінің Иранмен байланыстарын экономиканың барлық салаларында, әсіресе энергетика, сауда, тасымал бойынша арттыруға ынталы екендігін мәлімдеді. Армения президенті сондай-ақ елінің Қарабақ мәселесін бейбіт жолмен шешу үшін талпыныс жасап жатқанын қуаттады.