"Ортақ қадам" Иран мен Еуропаның экономикалық қарым-қатынасын жақсарту үшін негіз әзірледі
(last modified Mon, 07 Aug 2017 09:08:30 GMT )
Там 07, 2017 15:08 Asia/Almaty

ИИР президенті Рухани: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асырғаннан кейін Иран мен Еуропа елдерімен, соның ішінде Испаниямен экономикалық қарым-қатынастардың жақсаруы үшін тиімді жағдай туындады",-деді.

Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Испания Сенатының төрағасы Пио Гарсия-Эскудеромен кездесуінде Теһран-Мадрид қарым-қатынастарын ежелден келе жатқан достық қатынастар деп сипаттап: "Еуропа одағы "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруда ықпалды рөл атқарып, "Ортақ қадамды" АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттеріне қарамастан сақтап қалу үшін қабылдауға келетін позицияларды ұстанды",- деді.

Рухани "Ортақ қадамды" ұтылыссыз әрі бәріне пайдалы келісім деп атап: "Ортақ қадам" бағдарламасы Иранның дос елдермен қарым-қатынасын дамыту үшін қолайлы жағдай тудырды. Иран мен Испания екі дос мемлекет ретінде өз халықтарының пайдасы үшін бұл келісімнен көбірек пайда табуы тиіс",-деді.

Испания Сенатының төрағасы Пио Гарсия-Эскудеро бұл кездесуде Испания мен Еуропа одағының Иранмен ынтымақтастық жасауды қолдайтынын айтып, сол ынтымақтастықтарды аймақ үшін өте пайдалы деп сипаттады.