Иранның сыртқы саясатының принципі – Африка елдерімен байланыстарды дамыту
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: "Иран мен Гамбия ынтымақтастығының даму жолы кедергісіз болды. ИИР-ның басым бағдарларының бірі Гамбиямен қарым-қатынас деңгейін көтеру болып табылады»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһранда Гамбия Мәжілісі төрағасының орынбасары Момоду Саннемен кездесуінде: "Гамбия үкіметі мен Парламенті Иранның сауда-экономикалық саласындағы әртүрлі әлеуеттерін пайдалана алады деп үміттенемін",-деді.
Лариджани Африка елдерімен ынтымақтастықты Иран сыртқы саясатының бағдары деп атап: "Иран әртүрлі салаларда, соның ішінде өнеркәсіп, кен, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика және инженерлік қызмет салаларында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл әлеуеттерді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін пайдалануға болады",- деді.
Гамбия Мәжілісі төрағасының орынбасары Момоду Санне де осы кездесуде ИИР-ның аймақ пен халықаралық алаңдағы көрнекті орнына тоқталып, Иран мен Гамбия арасында экономика, сауда, саясат саласындағы әріптестік деңгейін көтеру қажеттігін құптады.