Иранның сыртқы саясатының принципі – Африка елдерімен байланыстарды дамыту
(last modified Mon, 07 Aug 2017 16:25:43 GMT )
Там 07, 2017 22:25 Asia/Almaty
  • Иранның сыртқы саясатының принципі – Африка елдерімен байланыстарды дамыту

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: "Иран мен Гамбия ынтымақтастығының даму жолы кедергісіз болды. ИИР-ның басым бағдарларының бірі Гамбиямен қарым-қатынас деңгейін көтеру болып табылады»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһранда Гамбия Мәжілісі төрағасының орынбасары Момоду Саннемен кездесуінде: "Гамбия үкіметі мен Парламенті Иранның сауда-экономикалық саласындағы  әртүрлі әлеуеттерін пайдалана алады деп үміттенемін",-деді.

Лариджани Африка елдерімен ынтымақтастықты Иран сыртқы саясатының бағдары деп атап: "Иран әртүрлі салаларда, соның ішінде өнеркәсіп, кен, ауыл шаруашылығы,  тамақ өнеркәсібі, фармацевтика және инженерлік қызмет салаларында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл әлеуеттерді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін пайдалануға болады",- деді.

Гамбия Мәжілісі төрағасының орынбасары Момоду Санне де осы кездесуде ИИР-ның аймақ пен халықаралық алаңдағы  көрнекті орнына тоқталып,  Иран мен Гамбия арасында экономика, сауда, саясат саласындағы әріптестік деңгейін көтеру қажеттігін құптады.