Иран Сыртқы істер министрі әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін ирандықтарды наурыз мерекесімен құттықтады
Иран Сыртқы істер министрі өз жолдауында әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін ирандықтарды наурыз мейрамымен құттықтады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф хиджри шамси күнтізбесінің 1395-ші жылы қарсаңында наурыз мейрамына орай әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін ирандықтарды құттықтаған жолдауында: «1394-ші жыл Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асырып, Ислам Кеңесі Мәжілісі мен діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісінің сайлауларын халықтың жаппай қатысуымен өткізіп, өз тарихының келесі кезеңің бастаған жағдайда аяқталуда»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі өзінің наурыздық жолдауында ИИР-на жаңа жылда табыстарын жалғастыруды және әлемнің түкпір-түкпірінде Иран мен ирандықтардың мақтанышына себеп болып, мәдениеттер арасында қарым-қатынас орнатып, Иранды әлеммен байланыстырып жүрген ирандықтарға жақсылық тіледі.